ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.3.16auКілт сөздер:
жасанды интеллект, адаптивті оқыту, автоматтандырылған бағалау, цифрлық құзыреттілік, білім сапасыАңдатпа
Жасанды интеллект технологиялары білім беру жүйесінде оқытудың тиімділігін арттырудың маңызды құралына айналуда. Бұл зерттеуде жасанды интеллектердің оқу процесін жекелендіру, автоматтандырылған бағалау, үлгерімді болжау және деректерді талдау арқылы білім сапасын жақсарту мүмкіндіктері қарастырылды. Эксперименттік зерттеу нәтижелері жасанды интеллект қолданылған ортада оқушылардың үлгерімі 15-20%-ға жоғарылап, мұғалімдердің жүктемесі 30%-ға азайғанын көрсетті. Сонымен қатар, жасанды интеллект технологиялары білім алушылардың мотивациясын арттырып, педагогикалық шешімдерді оңтайландыруға ықпал етті. Дегенмен, цифрлық теңсіздік, деректер қауіпсіздігі және мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігі мәселелері жасанды интеллектерді білім беру жүйесіне толыққанды енгізуде кедергілер тудырады. Бұл зерттеу жасанды интеллектердің білім беру саласындағы әлеуетін бағалап, оны тиімді пайдалану жолдарын ұсынады. Жасанды интеллекттің болашақта білім беру жүйесінде кеңінен қолданылуы үшін кешенді стратегиялар мен мемлекеттік қолдау қажет.