“ҚОРШАҒАН ОРТА ҚОЛАЙСЫЗ ФАКТОРЛАРЫНЫҢ ӨСІМДІК АҒЗАСЫНА ӘСЕРІ” ТАҚЫРЫБЫ АЯСЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫНА ӘСЕРІ

Авторлар

  • Н.М. Байсеитова Автор
  • Ж.О. Абидинова Автор
  • Ж.Ш. Усенбаева Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2024.3.003au

Кілт сөздер:

эксперимент жүргізу, биология пәні, білім сапасы, эксперимент, қоршаған орта, экологиялық білім, экологиялық сауаттылық, ауыр металл, лабораториялық жұмыстар, жаңартылған білім беру технологиясы

Аңдатпа

Биология пәнін оқыту технологиясында тек теориялық білім беру жүйесі жеткіліксіз. Қазіргі таңда пәнді игеруде теориялық ілімді тәжірибелік іліммен байланыстыру жоғары жетістікке жеткізері дәлелденіп отыр.  Ғылыми жұмыстың аясында биология пәнін оқытуда эксперименттер жүргізудің білім сапасына әсері зерттелді. Осы мақсатта білім алущыларға «Өсімдіктерге қоршаған ортаның қолайсыз факторларының әсері» тақырыбы аясында эксперименттер қойылды. Адамдарды табиғатты қорғауды үйрету мектеп қабырғасынан басталуы тиіс. Өсімдік ағзасына адамдардың антпропогендік әрекетінің әсерін анықтау арқылы білім алушыларда экологиялық білімді қалыптастыруға болады. Өсімдік ағзасына антропогендік және абиотикалық факторлар әсерін анықтау үшін эксперименттік жұмыстар жүргізілді. Эксперименттік жұмыстар пән мұғалімі, кафедра лаборанты және білім алушылардың қатысуымен жүзеге асты. Нәтижесінде, білім алушылардың бойында экологиялық білім және тәрбиені қалыптастырудың тиімділігі зерттелді. Мақалада білім алушылардың экологияға деген қызығушылық деңгейін анықтау мақсатында сауалнама жұмыстары, зерттеу тақырыбының мақсатына сәйкес жасалынған эксперименттік жұмыстардың барысы мен нәтижесі көрсетілді. Білім алушылардың орындаған эксперимент жұмыстары арнайы критерийлер арқылы бағаланып, тәжірибе жұмыстарының білім сапасына әсері анықталды. Жұмыстың материалдары мен нәтижелерін, көрнекіліктерін оқу үдерісінде, зертханалық жұмыстарды орындауда, педагогикалық іс-тәжірибе кезінде қолдануға  болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-28

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық және Гуманитарлық Ғылымдар