ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ХИМИЯ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ МҮМКІНДІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.1.006auКілт сөздер:
химия, жасанды интеллект, тапсырмалар, платформалар, заманауи технологиялар, әдістемеАңдатпа
Химияда жасанды интеллектті (ЖИ) қолдану қазіргі уақыттағы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселе болып табылады. Жасанды интеллект қарқынды дамып, адамның өмір сүру салаларының барлық түріне еніп келе жатыр. Бұл мақалада жоғары оқу орындарында химия пәнін оқытуда жасанды интеллект технологияларын қолданудың артықшылықтары мен мүмкіндіктері талданады. Жасанды интеллект құралдарының химиялық есептерді шешу, мәліметтерді талдау, модельдеу және зертханалық жұмыстарды ұйымдастырудағы маңызы қарастырылады. Жасанды интеллекттің химия пәніндегі практикалық маңыздылығы зерттеліп, оның оқыту тиімділігін арттырудағы мүмкіндіктері талқыланады. Бұл салада жасанды интеллекттің аналитикалық мүмкіндіктері оқу материалдарын тереңірек түсінуге, тәжірибелік жұмыстарды оңтайландыруға және зерттеу қәбілеттерін дамытуға ықпал етеді. Химия пәнін оқытуда білім алушылардан теорияны тәжірибемен байланыстыру мен күрделі есептерді шешу, және химиялық құбылыстарды терең түсіну талап етіледі. Соңғы жылдары жасанды интеллект құралдары білім беру саласында кеңінен қолданылып, оқыту процесін жекелендіруге және студенттердің шығармашылық әлеуетін арттыруға жағдай жасауда. Сонымен қатар, жасанды интеллектті қолдануда студенттердің пәнді меңгеру сапасына әсері қарастырылады.