ЖАОК ФОРМАТЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ, ЖІКТЕЛУІ, ПРИНЦИПТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2024.4.28auКілт сөздер:
жаппай ашық онлайн курстар, білім беру технологиялары, цифрлық білім беру платформалары, онлайн білім беру.Аңдатпа
Мақала жаппай ашық онлайн курстар форматындағы оқытудың даму тарихын, жіктелуін, принциптері мен тәсілдерін зерттеуге арналған. Мақалада Coursera, edX, Udacity, FutureLearn, Khan Academy және Canvas Network сияқты бар платформаларды талдай отырып, алғашқы жобалардан заманауи білім беру экожүйелеріне дейінгі жаппай ашық онлайн курстар эволюциясы қарастырылады. Белсенді оқыту, аудару, бірлескен оқыту, геймификация, жекелендірілген және проблемалық оқыту және аралас оқыту сияқты педагогикалық стратегияларға назар аударылады. Мақалада пайдаланушылардың білім беру мақсаттары мен қажеттіліктеріне байланысты сәйкес платформаны таңдаудың маңыздылығы атап өтіледі және оңтайлы нәтижелерге қол жеткізу үшін әртүрлі платформаларды біріктіру ұсынылады. Қорытындылай келе, жаппай ашық онлайн курстар бүкіл әлем бойынша қолжетімді және инклюзивті білім беруге елеулі үлес қосып, дами береді