ТІЛ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АНТОНИМИЯНЫҢ ОРНЫ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.1.02auКілт сөздер:
антонимия, тілдік оппозиция, семантика, лексика, морфология, синтаксис, фонология, логикалық қатынастарАңдатпа
Мақалада антонимия құбылысы тілдің әртүрлі деңгейлерінде (фонетика-фонологиялық, морфологиялық, синтаксистік, лексика-семантикалық) зерттеледі. Антонимияның негізгі теориялық аспектілері, оның логикалық, лингвистикалық және психологиялық негіздері талданады. Фердинанд де Соссюр, Н. Трубецкой сияқты лингвист ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, тілдік бірліктердің оппозициялық қатынастары мен қарама-қарсылықтары ашылады. Антонимдердің пайда болуы, олардың семантикалық құрылымы, мәтіндегі қызметі және контексттегі мағыналық рөлі зерттеледі. Сонымен қатар, антонимияның адам санасындағы қалыптасуы, экстралингвистикалық факторлардың әсері және тілдік универсалиялар ретіндегі орны қарастырылады. Мақала антонимияны кеңінен түсінуге және оны тіл білімінің әртүрлі салаларында қолдануға мүмкіндік береді. Зерттеуде синхрониялық және диахрониялық талдау, фонологиялық, морфологиялық, синтаксистік және лексика-семантикалық әдістер қолданылған. Антонимиялық оппозициялардың мәтіндегі рөлі мен маңызы ашық көрсетілген. Бұл зерттеуде қарақалпақ жазушылары мен ақындарының шығармаларынан алынған мысалдар арқылы антонимия құбылысы талданады. Мақалада қарақалпақ әдебиетіндегі антонимдердің пайда болуы, олардың семантикалық құрылымы және мәтіндегі қызметі зерттеледі. Шығармалардағы қарама-қарсы мағыналы сөздердің қолданылуы, олардың эмоционалды-экспрессивті әсері және ойды өткірлеудегі рөлі ашық көрсетілген.