Жариялау ережелері
Мақалаларды рәсімдеу талаптары
PDF файл
PDF файл - Жасанды интеллектті пайдалануға қатысты мәлімдеме
PDF файл - «AUEZOV UNIVERSITY» ғылыми журналында VANCOUVER стиліндегі REFERENCES рәсімдеудің негізгі қағидалары
PDF файл - Үлгі
1. Мақала мәтіні қағаз түрінде және электрондық нұсқада ұсынылады
Мәтін Microsoft Word мәтіндік редакторында терілуі тиіс, қаріп – Times New Roman, негізгі мәтіннің қаріп өлшемі – 12 p.t., суреттер мен диаграммалар – 11 p.t., жоларалық интервал – бір, абзацтың бірінші жолындағы шегініс – 1,0, туралау – ені бойынша.
2. Бет параметрлері:
А4 форматы, жолақтар: сол жақ – 2 см, оң жақ – 2 см, жоғарғы – 2 см, төменгі – 2 см.
3. Кестелерді, иллюстрацияларды және әдебиеттер тізімін қоса алғанда, мақаланың жалпы көлемі – 4 беттен 10 бетке дейін.
4. Мақаланың атауы қысқа болуы және мазмұнын нақты көрсетуі тиіс (үш тілде).
5. Қазақ тіліндегі мақала үшін аннотация және abstract, орыс тіліндегі мақала үшін түйін және abstract, ағылшын тіліндегі мақала үшін түйін және аннотация міндетті. Аннотация, түйін және abstract мазмұны бірдей болуы керек. Сөз саны – 100–150.
6. Автор(лар) туралы мәліметтер мыналарды қамтуы тиіс: аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, мекеме атауы, қала, ел, электрондық пошта (үш тілде).
7. Дұрыс рәсімделмеген мақалалардың жариялануы кейінге қалдырылады.
Мақаланың құрылымы
Ғылыми мақаланың құрылымы келесі элементтерді қамтуы тиіс:
1. ӘОЖ (әмбебап ондық жіктеу индексі) – сол жақ жоғарғы бұрышта (11 p.t.).
Мақалаға ӘОЖ тағайындау үшін сайтты пайдалануға болады: http://teacode.com/online/udc/
2. Автор(лар)дың аты-жөні ортасында, ені бойынша тураланған (12 p.t.).
Лауазымы, ғылыми дәрежесі мен атағы, ұйым атауы, қала, ел (үш тілде) – 11 p.t.
Авторлар туралы мәліметтер ортасына жазылады, инициалдар мен тегі (алдымен инициалдар, кейін тегі – Л.А. Мырзаев), қаріп – қалың.
Бір журнал санында автор бірлескен авторлықты қоса алғанда екі мақаладан артық жариялай алмайды. Авторлар саны 5 адамнан аспауы тиіс.
3. *Корреспонденцияға арналған автор: * авторды көрсету, авторлардың бірінің электрондық поштасы, 11 p.t.
4. Мақаланың атауы – бір жолдан кейін, қалың қаріппен, ортасына тураланады.
Мазмұнын дәл көрсетуі, қысқа әрі нұсқа болуы тиіс.
Атауда сөздерді қысқартуға жол берілмейді – Caps Lock, 12 p.t.
5. Аннотация – мақала тілінде, шегініс 1 см, 11 p.t.
Бір жолдан кейін көлемі 100–150 сөз.
Аннотация бір абзацтан тұрады:
– қазақ тіліндегі мақала үшін – орыс және ағылшын тілдерінде;
– орыс тіліндегі мақала үшін – қазақ және ағылшын тілдерінде;
– ағылшын тіліндегі мақала үшін – қазақ және орыс тілдерінде.
Аннотация құрылымына МІНДЕТТІ түрде мыналар кіреді:
-
зерттеудің мақсаты,
-
зерттеу әдістемесі,
-
зерттеудің жаңалығы (құндылығы),
-
зерттеу нәтижелері.
Аннотация (авторлық түйін) ғылыми жұмыстың қысқаша мазмұнын білдіреді. Аннотация бойынша оқырман зерттеудің мәнін түсінуі тиіс. Нәтижелер барынша нақты әрі мазмұнды сипатталуы керек. Мәтінде қосымша ақпарат, артық кіріспе сөздер, жалпы мағынасыз тұжырымдар, қысқартулар мен әдебиеттерге сілтемелер болмауы тиіс. Аннотация бір абзацпен рәсімделеді.
Сапалы рәсімделген және дұрыс аударылған аннотация мақалаға қызығушылықты арттырады және шетелдік әріптестер тарапынан дәйексөз алу ықтималдығын жоғарылатады.
6. Түйін сөздер – 5–7 сөз, 11 p.t.
Іздеу үшін арналған, шегініс 1 см, 5–7 сөз.
Іздеу сұраныстарына жатпайтын күрделі құрылымдардан аулақ болу қажет.
Түйін сөздер өзекті, табиғи болуы және мәтінді артық жүктемеуі тиіс.
7. Мақаланың мәтіндік бөлігі (12 p.t.).
Мақаланы құрылымдау қажет, тақырыпшалар нөмірленбейді, мысалы:
Кіріспе (міндетті)
Жұмыстың өзектілігі, әдебиеттерге шолу, зерттеудің негізгі тұжырымдары
Материалдар мен әдістер
– Теориялық талдау
– Эксперименттік бөлім
Суреттер, карталар, фотосуреттер, кестелер мен формулалар компьютерлік техникамен орындалып, мәтінде алғаш аталған жерінен кейін орналастырылуы тиіс.
Суреттер араб цифрларымен нөмірленеді, атауы суреттің астына ортасына жазылады (Сурет 1 – Сурет атауы).
Кестелер мәтінде алғаш аталғаннан кейін немесе келесі бетте орналастырылады.
Кестенің нөмірі мен атауы беттің сол жағында көрсетіледі (Кесте 1 – Кесте атауы).
Кесте келесі бетке ауысқанда бағандар нөмірленіп, оң жағында «Кесте 1 жалғасы» деп көрсетіледі.
Формулалар Microsoft Equation немесе MathType редакторында терілуі тиіс.
Барлық қысқартулар алғашқы қолданылған жерде түсіндіріліп жазылады.
Нәтижелер және оларды талқылау
Қорытындылар (міндетті)
Қорытынды, зерттеу нәтижелері және талқылау, практикалық ұсыныстар мен ұсынымдар.
– Қаржыландыру туралы ақпарат (бар болса)
Алғыс
Бар болған жағдайда бір абзацпен көрсетіледі, қаржыландыру көздері, ұйымдар, көмек көрсеткен тұлғалар көрсетіледі.
Әдебиеттер тізімі (міндетті)
Бір жолдан кейін, ортасына жазылады.
Әдебиеттер тізіміне тек мәтінде пайдаланылған және жарияланған немесе жариялауға қабылданған еңбектер енгізіледі.
Әдебиеттер мәтінде аталу ретімен нөмірленеді.
Соңғы 10–15 жылдағы дереккөздер кемінде 70% болуы тиіс.
Әдебиеттер саны кемінде 7.
Мәтінде сілтемелер квадрат жақшада көрсетіледі ([1], [2] …), бет нөмірлері көрсетілмейді.
– References
Қазақ немесе орыс тіліндегі мақалалар үшін транслитерацияланған әдебиеттер тізімі міндетті.
Орыс тіліндегі дереккөздер үшін: http://translit-online.ru
Қазақ тіліндегі дереккөздер үшін: https://qazlat.kz
Мақала соңында автор(лар)дың толық аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, жұмыс орны, ұйым атауы, қала, ел, электрондық пошта, мақала атауы, аннотация және түйін сөздер мақала тілінен басқа екі тілде беріледі.
Редакция мақалаға қос соқыр рецензиялау (Double-blind review) жүргізеді.
Мақала плагиатқа тексеріледі. Түпнұсқалық кемінде 70% болуы тиіс.
Қабылданған жағдайда авторға төлем нұсқаулығы жіберіледі.
Төлем мөлшері – 4000 теңге !