Рецензиялау
«Auezov University» ғылыми журналында жариялауға ұсынылған мақалаларды рецензиялау тәртібі
1. Мақаланы рецензиялауды ұйымдастыру және тәртібі
1.1. «Auezov University» журналына автор (авторлар) ұсынған мақалалар міндетті түрде қосарланған «соқыр» рецензиялауға жіберіледі.
1.2. Рецензиялауға жатпайтын мақалалар:
-
ҚР Ұлттық ғылым академиясының мүшелерінің мақалалары;
-
ғылыми конгресстер, симпозиумдар, конференциялар ұсынған және жариялауға ұсынылған мақалалар.
1.3. Рецензент журнал редакциясымен мақаланың ғылыми бағытына сәйкес университеттің сараптамалық комиссиясы мүшелерінің қатарынан тағайындалады.
1.4. Редакциялық алқа мақаланы жетекші мамандарға рецензиялауға беруге құқылы.
1.5. Мақаланың авторы (теңавторы) рецензент бола алмайды.
1.6. Даулы жағдайларда мақала қосымша рецензиялауға жіберілуі мүмкін.
1.7. Мақала рецензенттің (рецензенттердің) ескертулеріне сәйкес пысықтау үшін авторға жіберіледі.
1.8. Мақаланы жариялау мүмкіндігі мен мақсатқа сәйкестігі рецензенттердің қорытындысы мен журнал Редакциясының шешімі негізінде қабылданады.
1.9. Журнал Редакциясының мақаланы жариялау немесе қабылдамау туралы шешімі авторға (авторларға) хабарланады.
1.10. Қабылданбаған мақаланың авторына (авторларына) жазбаша сұрау бойынша негізделген бас тарту жіберіледі.
2. Мақалаға арналған рецензияның құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар
2.1. Мақалаға арналған рецензия құрылымы төмендегілерді бағалауды қамтуы тиіс:
-
мазмұнының журналдың бейіні мен тақырыбына сәйкестігін;
-
мазмұнының атауда көрсетілген тақырыпқа сәйкестігін;
-
қарастырылып отырған тақырыптың өзектілігін, бірегейлігін, жаңалығын;
-
таңдалған әдіснаманың қойылған мақсаттарға сәйкестігін;
-
мәселенің қойылуының негізділігін және оның зерттелу тереңдігін;
-
тақырыптың, әдістер мен нәтижелердің қазіргі ғылыми-техникалық жетістіктерге сәйкестігін;
-
ақпараттылығын;
-
теориялық тұтастығын, материалдың құрылымдалу деңгейін;
-
жасалған қорытындылардың негізділігін;
-
алынған ғылыми нәтижелердің практикалық маңыздылығын.
2.2. Мақалаға арналған рецензия мазмұны келесі сипатта болуы тиіс:
-
сындарлы-талдамалық;
-
дәлелді;
-
объективті-бағалаушылық;
-
ұсынымдық (оны жетілдіруге бағытталған).
Рецензия формасы
«Auezov University» журналының редакциялық алқасына атты мақалаға
РЕЦЕНЗИЯ
Рецензент негізгі бағалау сұрақтарына келесі жауаптарды береді (иә / жоқ):
