ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ БАСТАУЫШ БІЛІМ: ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.3.12auКілт сөздер:
ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ БАСТАУЫШ БІЛІМ: ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІАңдатпа
Бұл мақалада цифрлық технологиялардың бастауыш білім беру жүйесіндегі рөлі мен ықпалы зерттеледі. Зерттеу барысында цифрлық құралдардың оқу процесіне енгізілуі, олардың оқушылардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі және мұғалімдердің кәсіби дағдыларын дамытудағы маңызы қарастырылады. Цифрлық білім беру жүйелері оқу материалдарының интерактивтілігін қамтамасыз етіп, оқушылардың танымдық белсенділігін және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар, мұғалімдер мен оқушылардың цифрлық құралдарды қолдану арқылы оқыту мен білім алу үдерісін жаңғырту мүмкіндіктері талданады. Зерттеу нәтижелері цифрлық технологияларды енгізу білім беру сапасын жақсартуға ықпал ететінін және олардың болашақта оқыту әдістерін жетілдіруге үлкен әлеуетке ие екенін көрсетеді. Цифрлық технологияларды жүйелі қолдану оқу үдерісін қызықты әрі тиімді етіп, оқушылардың оқу мотивациясын арттырады және мұғалімдердің кәсіби дамуындағы жаңа бағыттарды айқындайды.