ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСЫЛ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ БОЛАШАҒЫ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2024.4.22Кілт сөздер:
жасыл экономика; жасыл қаржы; Қазақстан; тұрақты даму; жасыл инвестициялар; жасыл несие; жасыл облигациялар.Аңдатпа
Мақалада авторлар Қазақстандағы жасыл қаржыландырудың даму перспективаларын талдаған. Жұмыста Қазақстандағы жасыл экономика мен қаржының даму көрсеткіштерін салыстырмалы талдау үшін Жаһандық жасыл экономика индексі және Жаһандық инновация индексі сияқты жаһандық индекстер пайдаланылды. Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы жасыл қаржыландырудың даму деңгейі елдегі жасыл инвестиция жүйесі жасыл қаржыландыру көздерімен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Астана Халықаралық Қаржы Орталығы (АХҚО) қарамағында Жасыл қаржы орталығын құру Қазақстандағы және көршілес аймақтардағы тұрақты даму жолындағы маңызды қадам, тұрақты болашақ үшін жасыл бастамаларға инвестицияларды ынталандыру ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, мақалада Қазақстанда жасыл экономика мен қаржыландыруды дамытуда туындайтын негізгі проблемалар мен кедергілер талқыланады. Зерттеу нәтижесінде авторлар Қазақстандағы жасыл экономика мен қаржыландыруды дамыту мәселелерін шешу жолдарын ұсынды.