ГЕНЕРАТИВТІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ОРТАСЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.54251/Кілт сөздер:
генеративтік жасанды интеллект, кәсіби құзыреттілік, педагогикалық шарттар, ЖИ -сауаттылық, жоғары білім, құзыреттілік тәсілі, цифрлық трансформацияАңдатпа
Зерттеудің мақсаты – жоғары мектепте генеративтік жасанды интеллектіні пайдалану студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруды нығайтатын, оны алмастырмайтын педагогикалық шарттарды теориялық тұрғыдан негіздеу және жүйелеу. Зерттеу методологиясы құзыреттілік және жүйелік тәсілдерге, талдау мен салыстыру әдістеріне, педагогикалық модельдеу әдісіне негізделген; ақпараттық базаны 2021–2025 жылдардағы рецензияланған басылымдар мен ЮНЕСКО және ЭЫДҰ нормативтік құжаттары құрайды. Зерттеудің ерекшелігі – генеративтік ЖИ дайын шешімнің соңғы құралы ретінде емес, студент өзіндік кәсіби пайымдауға жету жолындағы аралық танымдық буын ретінде қарастырылатын авторлық модельді әзірлеуде. Нәтижесінде өзара байланысты төрт педагогикалық шарт анықталды: ЖИ функцияларының дидактикалық регламенттелуі; студенттің ЖИ-сауаттылығын қалыптастыру; өзіндік зияткерлік іс-әрекетті сақтау; тек соңғы өнімді ғана емес, кәсіби іс-қимылдың бүкіл тізбегін бағалау