ИНКЛЮЗИВТІ МӘДЕНИ-ТЫНЫҒУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ҚОЛДАНУ
DOI:
https://doi.org/10.54251/Кілт сөздер:
жасанды интеллект, инклюзивтілік, мәдени-тынығу жұмысы, цифрландыру, көмекші технологиялар, әлеуметтік бейімделу, Қазақстан РеспубликасыАңдатпа
Бұл зерттеу мақаласы Қазақстан Республикасында инклюзивті мәдени-тынығу бағдарламаларын ұйымдастыруда жасанды интеллектті қолданудың әлеуеті мен ғылыми негіздемесін анықтауға бағытталған. Зерттеу әдіснамасына қазақстандық және халықаралық ғылыми дереккөздердің теориялық талдауы, халықаралық цифрлық инклюзивтілік тәжірибесін салыстырмалы зерттеу және жасанды интеллект құралдарын мәдени-тынығу мекемелеріне біріктіруге арналған жүйелік тәсіл мен модельдеу кіреді. Мақаланың ерекшелігі инклюзивті бағдарламаларда жасанды интеллектті енгізу моделін әзірлеуде жатыр. Зерттеу алгоритмдер мен жасанды интеллект технологиясын пайдалану мәдени қызметтерді ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімді етеді деген қорытындыға келеді. Жасанды интеллект технологиялары ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға мәдени өмірге белсенді қатысуға, тығыз қарым-қатынас жасауға және қоғамның бір бөлігі ретінде сезінуге көмектеседі. Мұның бәрі цифрлық түрлендіру жағдайында мәдени мекемелердің тиімділігін арттырады.