БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН КІРІКТІРУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

Авторлар

  • А. Еркінқызы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Автор
  • Н.Н. Қожабекова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Автор
  • К.А. Сарсекова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Автор
  • Ж.Р. Қожағұлова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.2.20au

Кілт сөздер:

бейорганикалық химия, халықтық педагогика, этнопедагогика, білім алушы, ұлттық құндылықтар, оқыту әдістемесі, тұлғалық даму

Аңдатпа

Бейорганикалық химияны оқыту үдерісінде халықтық педагогика элементтерін кіріктірудің ғылыми-әдістемелік негіздері қарастырылады. Қазіргі білім беру кеңістігінде жаратылыстану пәндерін оқыту білім алушыларды тек ғылыми біліммен қаруландырумен шектелмей, олардың ұлттық дүниетанымын, мәдени құндылықтарын және тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталуы қажет. Осы тұрғыда бейорганикалық химияның абстрактілі мазмұнын халықтық тәжірибемен байланыстыра оқыту білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімді жолы ретінде негізделеді. Халықтық педагогика мен этнопедагогика ұғымдарының теориялық мәні ашылып, ұлттық дүниетанымда кездесетін металл, тұз, су, от сияқты ұғымдардың химиялық мазмұнмен өзара сабақтастығы талданады. Тәжірибелік бөлімде металдар, тұздар, оксидтер мен жану реакцияларын оқытуда халықтық тәжірибені қолдану үлгілері көрсетіледі. Алынған нәтижелер этнопедагогикалық тәсілдердің білім алушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, жауапкершілік, экологиялық сана және ұлттық сана сияқты тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына оң әсер ететінін дәлелдейді.

Автор өмірбаяндары

  • А. Еркінқызы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    магистрант, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

  • Н.Н. Қожабекова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

         х.ғ.к., аға оқытушы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

  • К.А. Сарсекова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    магистр, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

  • Ж.Р. Қожағұлова , Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    х.ғ.к., аға оқытушы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-26

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық және Гуманитарлық Ғылымдар