Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыруды цифрландыруды дамыту жолдары

Авторлар

  • Пазилов Галимжан Абдирасулович ЮКУ имени М.Ауэзова Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.2.15au

Кілт сөздер:

цифрландыру, қаржыландыру, ауыл шаруашылығы, цифрлық платформа

Аңдатпа

Мақалада еліміздің ауыл шаруашылығы саласының маңыздылығы мен оны мемлекет тарапынан қаржылық қолдау шараларының жыл сайын артып отырғандығы қарастырылған. Дегенменде әлі күнге дейін елімізідің ауылшаруашылығы саласын серпінді дамуды көрсете алмай келеді. Сондықтанда бүгінгі таңда мемлекет тарапынан бөлініп жатқан қаржы ресурстарының тиімділігін және оларға бақылауды күшейту қажет. Авторлар осы мәселелерді жүйелі реттеу мақсатында ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржы ресурстарын цифрландыру қажеттігін ұсынып отыр. Ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыруды цифрландыру түрлі көздерден бөлінген қаржы ресурстарының тиімділігін арттыруда, қаражаттардың мақсатты жұмсалуын бақылауды күшейтуде ерекше маңызды болып табылады. Зерттеуде сaлыстыру, сараптамалық бағалау, тaлдaу мен синтездеудің жалпы ғылыми əдістері, ғылыми зерттеулер нəтижелерін жaлпылaу əдістері қолданылды. Зерттеулер барысында алынған нәтижелер негізінде елімізідің ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыруды цифрландыруды дамытудың жолдары ретінде қаржы платформаларын цифрландыру, үлкен деректер мен аналитиканы пайдалану, блокчейн технологияларын енгізу, мобильді және финтех шешімдері, мемлекеттік қолдауды автоматтандыру, агроқұрылымдық технологияларды дамыту (цифрлық сақтандыру), цифрлық инфрақұрылымды жақсарту, оқыту және цифрлық сауаттылық, жеке сектор мен стартаптарды қолдау, халықаралық тәжірибені енгізу ұсынылған.

Автор өмірбаяны

  • Пазилов Галимжан Абдирасулович, ЮКУ имени М.Ауэзова

    старший преподаватель, PhD кафедры "Учет и аудит"

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-26

Журналдың саны

Бөлім

Эканомикалық Ғылым