ЯССАУИ ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАРАҚАЛПАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ КӨРІНІСІ
DOI:
https://doi.org/10.54251/Кілт сөздер:
сопылық ілімі, хикмет, инсаният, рухани сабақтастық, кәміл адам.Аңдатпа
Бұл зерттеу Қожа Ахмет Яссауи негізін қалаған сопылық ілімнің қарақалпақ классикалық әдебиетіндегі көркемдік-философиялық сабақтастығы мен интерпретациялық ерекшеліктерін кешенді түрде зерделеуге арналған. Зерттеудің негізгі мақсаты – «Диуани хикмет» шығармасындағы мистикалық-танымдық қағидалардың қарақалпақ поэзиясында көріну, трансформациялану және ұлттық дүниетаныммен сабақтасу ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан айқындау. Осы мақсатта салыстырмалы-тарихи, типологиялық және герменевтикалық әдістер негізінде Сүлеймен Бақырғани, Күнқожа Ибрайымұлы, Әжінияз Қосыбайұлы және Бердақ Қарғабайұлы шығармаларындағы сопылық терминдер, метафоралық жүйе мен символдық образдар талданады. Зерттеу нәтижесінде қарақалпақ классиктерінің Яссауи іліміндегі шариғат, тариқат, мағрипат және хақиқат сатыларын шығармашылық тұрғыдан игеріп, оларды имандылық, нәпсімен күрес, адамгершілік және рухани кемелдік идеяларымен сабақтастыра дамытқаны анықталады. Сонымен бірге «инсани кәмил» концепциясының ұлттық дүниетаныммен синтезделу үдерісі сараланады. Зерттеу нәтижелері қарақалпақ әдебиетінің рухани бастауларын тереңірек түсінуге, сопылық поэтиканың ұлттық әдебиетте орнығу ерекшеліктерін айқындауға және түркі халықтарының ортақ әдеби-мәдени мұрасын жаңа ғылыми ұстанымдар негізінде пайымдауға мүмкіндік береді.