МИШЕЛЬ ФУКОНЫҢ БИОСАЯСАТ ТЕОРИЯСЫНДАҒЫ БАСҚАРУДЫҢ РАЦИОАНАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.3.2auКілт сөздер:
биосаясат, басқару модельдері, био-тарих, био-билік, білім күші, дискурс.Аңдатпа
Мақалада француз философы Мишель Фуконың биосаясат теориясының қоғамдық қатынастарды басқару туралы ғылыми көзқарастары, оның ішінде үкіметтік рационалдық мәселесі зерттелді. Биосаясат теориясының негізгі мәні мемлекеттік басқару формаларын жетілдіруде саясаттың субъектісі және объектісі ретіндегі халықтық рөлін, құндылықтарын және болмысын, саяси билікке ықпал жасау инструменттерін зерттеуге бағытталған. Сондықтан мақалада билік пен халық арасындағы саяси идеялардың өзара ықпалы, идеологиялық үстемдік мәселесі әлеуметтік-философиялық аспектілерде зерттелді. Мақалада М.Фуконың биосаясат теориясының негізгі идеялары мен мағыналары сараланды. Зерттеу тақырыбының өзектілігі адамның саяси өмір сүруінің шарттарын айқындауға қатысты экзистенциялық толғанысымен анықталған. Бұл мәселе адамдардың бірлесіп, қауымдасып өмір сүруіндегі әр түрлі саяси идеологиялық, мүдделік көзқарастардың бір кеңістікте орын алуымен және қоғамдық сұрақтардың шешімін табуымен өзектілене түседі. Мұндай мәселені шешуде М.Фуконың биосаясат теориясының деңгейлерінде қазіргі қоғамдық тәртіпті талдау тәсілдерінің теориялық және қолданбалы аспектілері негізге алынады. Сондықтан қазіргі заманғы гуманитарлық ғылымдарда босаясат теориясы адамдардың өмір сүруін ұтымды ұйымдастыру және түрлі әлеуметтік-саяси тәжірибелерде оның мәселелік шешім табу деңгейлерін қарастырады.