Бизнес құндылығын арттырудың құралдары

Авторлар

  • Г.А. Пазилов Автор
  • Қ.Қ. Мамутова Автор
  • Е.Ғ. Канбатыров Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.1.013au

Кілт сөздер:

қаржылық басқару, инвестиция, корпоративтік басқару, цифрлық трансформация

Аңдатпа

Бизнестің құны қазіргі заманғы компанияларды стратегиялық басқарудың, олардың инвестициялық тартымдылығын бағалаудың негізгі критерийіне айналып отыр. Компанияны дамыту және акционерлердің әл-ауқатын арттыру стратегиясын әзірлеу және іске асыру, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда стейкхолдерлердің мүддесі үшін меншікті басқару мүліктің нақты құнын және оның өзгеру перспективаларын бағалау негізінде ғана мүмкін болады. Зерттеудің мақсаты – қазіргі уақытта бизнес құндылығын арттырудың түрлі құралдарын зерттеу арқылы, олардың ішінде тиімді құралдарды анықтау болып табылады. Жұмыстың маңыздылығы бүгінгі жедел жаһандану жағдайында бизнес құндылығын арттыру құралдарын үнемі жетілдіріп отыру қажет. Өйткені қазіргі уақытта компания нарықта өз орнын сақтап, бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін үнемі бизнес құндылығын арттырып отыруы қажет. Зерттеуде талдау, синтездеу, ғылыми зерттеулер нәтижелерін жaлпылaу, сaлыстыру әдістері қолдaнылды. Зерттеудің негізгі нәтижесі – бизнес құндылығын арттыру – кез келген компанияның ұзақ мерзімді табысты дамуы үшін аса маңызды аспект екендігі айқындалды. Отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын құралдар компанияларға өз құндылығын арттыруға және бәсекеге қабілеттілігін сақтауға мүмкіндік береді.

Автор өмірбаяндары

  • Г.А. Пазилов

    PhD аға оқытушы, М.Әуезов атындағы ОҚУ, Шымкент, Қазақстан

  • Қ.Қ. Мамутова

    э.ғ.к., доцент, М.Әуезов атындағы ОҚУ, Шымкент, Қазақстан

  • Е.Ғ. Канбатыров

    магистрант, М.Әуезов атындағы ОҚУ, Шымкент, Қазақстан

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-03

Журналдың саны

Бөлім

Эканомикалық Ғылым