ХИМИЯ САЛАСЫНДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ҮШІН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ҚОЛДАНУ: ЗЕРТТЕУДЕН ИННОВАЦИЯҒА ДЕЙІН

Авторлар

  • Л.Н. Бауыржан О. Жәнібеков атындағы оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2024.4.03

Кілт сөздер:

жасанды интеллект, химиялық зерттеулер, инновациялар, машиналық оқыту, химиялық білім

Аңдатпа

Мақалада студенттердің химия саласындағы ғылыми дағдыларын дамыту үшін жасанды интеллектті (AI) қолдану, сондай-ақ оның инновациялық зерттеулер мен технологияларды ілгерілетудегі рөлі қарастырылады. AI химия студенттеріне үлкен көлемдегі деректерді тиімді талдауға, химиялық реакцияларды модельдеуге және эксперимент нәтижелерін болжауға мүмкіндік беру арқылы жаңа мүмкіндіктер ашады. Ғылыми - зерттеу жұмыстарында жасанды интеллектті қолдану студенттерге сыни ойлауды, зерттеу дағдыларын дамытуға көмектеседі және жаңа химиялық қосылыстар мен материалдарды жасауға ықпал етеді. Мақалада сонымен қатар жаңа дәрі-дәрмектерді, экологиялық таза технологияларды және тұрақты химиялық процестерді дамытудағы AI перспективалары талқыланады. Көптеген артықшылықтарға қарамастан, жасанды интеллектті химиялық білім мен ғылыми зерттеулерге енгізу бірқатар мәселелермен байланысты, соның ішінде мамандарды даярлау қажеттілігі. Қорытындылай келе, Ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру және химиядағы инновациялық тәсілді ынталандыру мақсатында химиялық білімге жасанды интеллектті одан әрі енгізудің маңыздылығы атап өтілді.

Автор өмірбаяны

  • Л.Н. Бауыржан, О. Жәнібеков атындағы оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

    докторант

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-30

Журналдың саны

Бөлім

Эканомикалық Ғылым