ЭПОСТАРДА ДӘСТҮРЛІ ФОРМУЛАЛАР ЖӘНЕ ПОЭТИКАЛЫҚ СИМВОЛДАР
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2024.4.42auКілт сөздер:
лашын, тұлпар, дәстүрли формула, көркем қайталау, тұрақты өлең шумақтары, символ.Аңдатпа
Мақалада қарақалпақ халық дастаны «Алпамыс» (Өгіз жырау варианты) пенен өзбекше «Алпомиш» дастаны (Фазыл Юлдаш варианты) салыстырмалы талданады. Атап айтқанда, екі дастанда кездесетін дәстүрлі формулалар (көркем қайталаулар немесе тұрақты өлең шумақтары) және поэтикалық символдардың ұқсастық және өзгешелік тұстары ашып көрсетіледі. «Алпамыс» дастанының қарақалпақша Өгіз жырау версиясында да, өзбекше Фазыл Юлдаш версиясында да басқа дастандарда ұшырасатын дәстүрлі формулалар, көркем бейнелі суреттеулер көп кездеседі. Екі версияда да жыраулар негізінен дәстүрлі формулаларға сүйеніп, өзінің шығармашылық талантымен жырлайды. Дастандарда ұшырасатын бұндай дәстүрлі қатарлар шығарманы мазмұндық жақтан байытуға емес, ал сюжеттераралық байланыс құралын атқарады, тіпті сюжет қозғалысын қамтамассыз ететін құрал ретінде де маңызды. Қайталау – түркі халықтар дастандарында кең тарқалған стильдік құралдардың бірі. Бұл құрал дастандардың тек мазмұндық бөлімін ғана емес, соның менен қатар көлемін де қамтиды. Мақалада лашын және тұлпар образдарының символдық мәнілеріне талдау жасалады.