ҚОЗҒАЛЫСТЫ БІЛДІРЕТІН ЕТІСТІКТЕР
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2024.3.007auКілт сөздер:
Тіл білімі, түркітану, лексика, семантика, етістікАңдатпа
Етістіктің өзіндік ерекшеліктері мол: семантикалық сипаты сан алуан, грамматикалық қасиеті әр жақты, түрлену жүйесі мен грамматикалық категориялары әр қилы, синтаксистік қызметі мен тіркесу, басқа сөздермен байланысу қабілеті кең, құрамы мен құрылымы қат-қабат. Етістіксіз сөйлем құрап айту мүмкін емес. Соның ішінде, қазақ тілінде етістіктің лексика-семантикалық сипаты ерекше. Алдымен ол етістіктердің ішкі семантикасына байланысты болса, екінші жағынан бай морфологиясы арқасында сөйлеу кезінде өте жиі қолданылатындығына да байланысты. Лексика-семантикалық топ деп екі немесе бірнеше сөздің лексикалық мағынасына қарай топтастырылуын айтамыз. Лексика-семантикалық топтың көлемін, оған енетін сөздердің санын парадигмалық мағына мен парадигмалық қатынас арқылы анықтаймыз. Тіл біліміндегі сема мәселесі тек соңғы жылдары ғана қолға алынуда. Оның өзіндік ерекшеліктері мол: семантикалық сипаты сан алуан, грамматикалық қасиеті әр жақты, түрлену жүйесі мен грамматикалық категориялары әр қилы, синтаксистік қызметі мен тіркесу, басқа сөздермен байланысу қабілеті кең, құрамы мен құрылымы қат-қабат. Етістіктер грамматикалық қасиеті жағынан ыңғайлас, сәйкес болғанымен, семантикалық сипаты сан-алуан.