ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ САЛАЛЫҚ ЕҢБЕК БӨЛІНІСІН ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2024.3.11auКілт сөздер:
Еңбек нарығы, жұмыс күші, еңбек ресурстары, жұмыспен қамту, жұмыссыздық, аймақ, салаАңдатпа
Халықтың экономикалық қызметі Қазақстанның экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуде жәнеде мемлекеттіктегі саясаттың шараларын жүзеге асырудағы, елдің мен әлемдік бәсекегедегі қабілетті 30 елдің қатарларына қосудағы ерекше рөлдің атқарылуы. Еңбек нарығын дамытудың басты көрсеткіштерінің бірі-халықты жұмыспен қамту. Еңбек заңнамасына сәйкес ол «Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзбайтын немесе табыс әкелетін кәсіби қызмет» ретінде айқындалады. Еңбек нарығы еңбек табысының, халықтың біліктілігі мен әл-ауқатының деңгейін анықтайтындықтан, бұл елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі факторларының бірі болып табылады. Сонымен қатар, еңбек нарығы ұлттық және халықаралық экономикалық қажеттіліктердің өзгеруіне бейімделеді. Жұмыспен қамту орталығы жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал ететін шараларды ұсыну, жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерін сыртқы және ішкі ынталандыру құралдарын әртараптандыру, қызметкерлердің біліктілігін арттыруды модернизациялау бойынша ұсыныстар беру нәтижесінде еңбек нарығындағы жағдай болжамдарының сенімділігін арттыру.