ИНКЛЮЗИВТІК КОМПЕТЕНТТІЛІК – ПЕДАГОГ-ХОРЕОГРАФТЫҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ

Авторлар

  • Адиш Әсел Серікбайқызы Южно-Казахстанский университет им. М. Ауэзова Автор
  • Даржигенова Алима Южно-Казахстанский университет им. М. Ауэзова Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.3.1au

Кілт сөздер:

инклюзивті құзыреттілік, хореограф, кәсіби дайындық, инклюзивті білім беру , арт-терапия, цифрлық технологиялар, педагогика, психология

Аңдатпа

Мақалада инклюзивті білім беру жүйесінде хореографтардың кәсіби даярлығын жақсартудың маңызы мен оның негізгі аспектілері кеңінен қарастырылады. Хореографтың инклюзивті құзыреттілігі - бұл ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу үшін қажет дағдылар мен білімнің жиынтығы. Бұл құзыреттілік педагогикалық, психологиялық және хореографиялық аспектілерді қамтиды. Педагогикалық тұрғыдан хореограф мұғалім ретінде оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту әдісін таңдай білуі қажет. Психологиялық тұрғыдан, ол оқушының эмоционалды жағдайын, мотивациясын және дамуын түсініп, қолдау көрсетуі тиіс. Хореографиялық аспектілер – бұл қозғалыс өнерінің әдістерін қолдану арқылы балалардың физикалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға хореографиялық білім беру – бұл тек би сабақтары емес, сонымен қатар психологиялық, әлеуметтік және шығармашылық дамуға ықпал ететін кешенді процесс. Бұл балаларды бірегей тұлға ретінде қабылдай отырып, олардың қабілеттерін аша отырып, сенімділік пен өзін-өзі бағалауды дамыту маңызды.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-16

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық және Гуманитарлық Ғылымдар