Журнал туралы
Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің Ақпарат комитетінде (есепке қою туралы куәлік 04.10.2021 жылғы № KZ01VPY00044785) және сериялық басылымдарын тіркеу жөніндегі халықаралық Орталықта - ISSN 2790-2005 тіркелген.
Журналдың меншік иесі "М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті" КЕАҚ болып табылады.
Журнал Ресейлік ғылыми дәйексөз индексі дерекқорына енгізілген: https://elibrary.ru/title_about_new.asp?id=139629 және PR SMART электронды кітапхана жүйесінде кірістірілген: https://www.iprbookshop.ru/147125.html
«ҚазПошта» АҚ арқылы жазылым индексі:-76084.
Журналдың веб-парағы: https://au.auezov.edu.kz/index.php/au/index
«Auezov University» ғылыми журналының мақсаты – жаңа ғылыми білімді, іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін тарату, ғылыми коммуникацияны дамыту, ғылыми идеялармен алмасуды ілгерілету және теориялық және практикалық маңызы бар түпнұсқалық ғылыми зерттеулерді жариялау.
Журналда ғалымдардың, оқытушылардың, ғылыми қызметкерлердің, докторанттардың, магистранттардың және тәжірибешілердің зерттеу нәтижелері жарияланады. Басылымға түпнұсқа ғылыми мақалалар, шолу мақалалары, аналитикалық материалдар және қазіргі заманғы ғылымның өзекті мәселелері бойынша талқылау мақалалары қабылданады.
Журналдың негізгі ғылыми бағыттары:
- педагогикалық ғылымдар
- гуманитарлық ғылымдар
- экономикалық ғылымдар
- заң ғылымдары
Редакцияға ұсынылған барлық қолжазбалар міндетті түрде қос соқыр сараптамадан өтеді. Жариялау туралы соңғы шешімді журналдың редакциясы тәуелсіз сараптама нәтижелері мен мақаланың журналдың редакциялық саясатына сәйкестігіне негіздеп қабылдайды.
Басылым тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Басылым жиілігі: жылына 4 нөмір.