"КОНДЕНСАЦИЯЛАНҒАН ОРТА ФИЗИКАСЫ" КУРСЫНДА МЕТАРЕФЛЕКТИВТІ ОҚЫТУҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.4.16auКілт сөздер:
конденсацияланған орта физикасы, метарефлексия, технологиялық ойлау, рефлексивті оқыту, интерактивті әдістемеАңдатпа
Мақалада «Конденсацияланған орта физикасы» курсын оқыту барысында метарефлективті оқытуға негізделген технологиялық ойлауды дамыту әдістемесі ұсынылады. Зерттеудің мақсаты – студенттердің физикалық және технологиялық ойлау қабілеттерін тереңдетіп, оларды рефлексия жасауға, талдау жүргізуге және инновациялық шешімдер қабылдауға ынталандыратын білім беру ортасын құру. Әдістемелік жүйе рефлексивті тапсырмалардан, цифрлық зертханалардан, проблемалық оқыту сценарийлерінен және технологиялық модельдеу элементтерінен тұрады. Қол жеткізілген нәтижелер метарефлективті тәсілдің студенттердің аналитикалық, шығармашылық ойлауын, ғылыми-зерттеу дағдыларын және технологиялық ойлауын айтарлықтай дамытуға ықпал ететінін көрсетеді.