ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДЕГІ САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ РӨЛІ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.1.016auКілт сөздер:
мемлекеттік реттеу, салық жүйесі, салық саясаты, салық жүктемесі, құралдар, тұжырымдамаларАңдатпа
Мемлекеттің өмір сүруіне әрдайым ақшаның қажетсінуі мемлекеттің сыртқы агрессиядан қорғануы, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол салу, мемлекеттік аппаратты ұстау, халықтың аз қамтылған топтарын әлеуметтік қолдау, табиғи апаттарды жою, басым бағытты салаларды дамыту сияқты қоғамдық қажеттіліктерді реттеумен байланысты тарихи тұрғыдан салықтардың пайда болуына алып келіп отыр. Салықтар тек қаржы құралы қызметін ғана атқармайды, сонымен бірге ол саяси құбылыс. Салық саясаты экономикалық саясатпен анықталады. Бұл бүкіл мемлекеттік секторға әсер ететін, бірақ салықтық қисынға қайшы келмейтін белгілі - бір заңдарды алға тартатын тәуелсіз сала. Мақалада салық саясаты салық жүйесін дамытудың оңтайлы теориялық тұжырымдамасын яғни, елдің және аймақтардың экономикалық жағдайын нығайтуға, экономикалық дамуға, экономика мен қоғамның мүдделерін үйлестіруге бағытталады және салық саясатының экономиканы мемлекеттік реттеудегі рөлі мен мәні анықталады.