Экспрессивті құралдар мен стилистикалық әдістерді аудару мәселелері (Ф.Скотт Фицджеральдтың “Ұлы Гэтсби” романының негізінде)
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.3.6auКілт сөздер:
экспрессивтік құралдар, стильдік құралдар, аударма тілі, мәтінді қабылдау, аударма стратегияларыАңдатпа
Бұл мақалада Ф. Скотт Фицджеральдтың «Ұлы Гэтсби» романы негізінде бейнелеу құралдары мен стильдік тәсілдерді аударуда кездесетін мәселелер зерттеледі. Көркем аудармада стильдік элементтерді дәл жеткізу үлкен маңызға ие, өйткені олар түпнұсқа шығарманың эмоционалдық үні, атмосферасы мен негізгі идеясын қабылдауға мүмкіндік береді. Негізгі назар түпнұсқа мәтін мен оның аудармасына жасалған талдауға аударылып, символдар, метафоралар, аллюзиялар және басқа да бейнелеу құралдарын жеткізудегі қиындықтар анықталды. Әсіресе, американ мәдениетінің маңызды символына айналған «жасыл шам» метафорасына ерекше көңіл бөлінді. Талдау көрсеткендей, бейімдеу, компенсация, сипаттамалы аударма және баламалар таңдау сияқты стратегияларды қолдану аударманың мазмұнын терең әрі дәл жеткізуге септігін тигізеді. Сонымен қатар, авторлық стильді сақтап қалуға көмектесетін түрлі тәсілдер бар екені анықталды. Мақалада аударма тәжірибесіне байланысты мәселелерді талдаудың маңыздылығы да атап өтіледі.