ҚР экономикалық тұрақтылығы мен ұлттық дамуының факторы ретінде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Авторлар

  • К.А.Өміртай Университет Автор
  • А.Б.Айдарова Университет Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.2.11au

Кілт сөздер:

энергетикалық қауіпсіздік, экономикалық өсім, энергия, тұтыну, экономика

Аңдатпа

Энергетикалық қауіпсіздік – елдің тұрақты дамуы мен экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етудің маңызды аспектілерінің бірі. Қазіргі таңда жаһандық экономика мен геосаяси жағдайлардың өзгеруі энергетикалық қауіпсіздіктің рөлін бұрынғыдан да өзекті етті. Қазіргі әлемдегі энергетикалық қауіпсіздік – тек экономикалық немесе саяси мәселе ғана емес, ол мемлекеттің жалпы тұрақтылығы мен болашағына әсер ететін стратегиялық фактор. Қазақстан үшін бұл бағытта дұрыс саясат жүргізу елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Мақалада «энергетикалық қауіпсіздік» ұғымының экономикалық аспектілері қарастырылып, теориялық тұрғыдан түсініктеме берілді. «Энергетикалық қауіпсіздік» ұғымына байланысты халықаралық ұйымдардың талдау әдіс-тәсілдері қарастырылды. Сондай-ақ, Қазақстанның энергетикалық қауіпсізідігін аспектілерін шолу жасалынып, барлау және өндіру секторындағы Қазақстанның рейтингі мен тартымдылығы талданды. Статистикалық тұрғыдан жалпы бастапқы және түпкілікті энергияны тұтыну көлеміне талдау жасалынып, экономикалық секторларға байланысты құрылымдық салыстырмалы шолу жүргізілді. Қорытындылай келе, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүйелі стратегия құру қажеттілігі туындап отырғаны анықталды. Табысты стратегиялар энергетикалық ресурстарды әртараптандыруды, жаңа технологияларды енгізуді және дағдарыстардың алдын алу және жаһандық энергетикалық жүйенің тұрақтылығын арттыру үшін елдер арасындағы үйлестіруді талап етеді.

Автор өмірбаяндары

  • К.А.Өміртай, Университет

    Докторант 1-курса, специальность "Экономика"

  • А.Б.Айдарова, Университет

    Кафедра "Экономика". К.э.н., профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2025-05-02

Журналдың саны

Бөлім

Эканомикалық Ғылым