Бизнес құнын бағалау және оны арттырудың теориялық аспектілері

Авторлар

  • PhD Галимжан Пазилов М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.2.5au

Кілт сөздер:

бағалау, бизнес құны, бизнесті бағалау, инвестиция, инновация, технология, корпоративтік мәдениет

Аңдатпа

Бизнесті бағалау - бұл әртүрлі жағдайларда нарықтық экономикада жиі жүзеге асырылатын қызмет. Бизнесті бағалау – бұл кәсіпорынның (бизнестің) нарықтық құнын, табыстылығын және қаржылық тұрақтылығын анықтау процесі. Бұл процедура бизнес иелері, инвесторлар, кредиторлар және басқа да мүдделі тараптар үшін маңызды болып табылады. Бизнесті бағалау – компанияның қаржылық жағдайын объективті түрде өлшеуге және басқарушылық шешімдер қабылдауға көмектесетін маңызды процесс. Ол компанияның өсуіне, инвестиция тартуына және тиімді басқарылуына ықпал етеді.

Бүгінгі таңда бизнес құнын арттыру – кез келген кәсіпкер үшін маңызды мақсаттардың бірі. Бұл, әсіресе, бәсекелестік күшейген, технологиялық өзгерістер тез орын алып жатқан және тұтынушылардың талғамы үнемі өзгеріп отыратын заманда өзекті. Бизнес құнын арттыру бұл компанияның ұзақ мерзімді табысты және тұрақты дамуының басты шарты. Ол үшін стратегияны дұрыс таңдап, нарықтық трендтерге бейімделу қажет.

Автор өмірбаяны

  • PhD Галимжан Пазилов, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті

    "Қаржы" кафедрасы, аға оқытушы

Жүктеулер

Жарияланды

2025-05-26

Журналдың саны

Бөлім

Эканомикалық Ғылым