ТУРИЗМ САЛАСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫН БАСҚАРУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2023.2.9auКілт сөздер:
туризм, рекреация, дестинация, туристік потенциал, туристік ресурстар, туристік инфрақұрылымАңдатпа
Жаһандық бәсекелестік жағдайында экономика секторлары үшін инновацияларды енгізу басым бағыт болып табылады. Бұл инновациялық бағыт экономикалық дамудың жоғары қарқындылығын қамтамасыз ететіндігіне байланысты. Туристік саланың инновациялық дамуын басқару бірқатар қиындықтармен, атап айтқанда, ресурстармен қамтамасыз ету және ұйымдастырушылық-басқарушылық сипаттағы проблемалармен, осы саланы дамыту бойынша бағдарламалар мен жобаларды іске асыру барысында басқару құралдарының болмауымен және т. б. сипатталады. Алайда, билік органдарының, туристік бизнестің, ғылымның және жергілікті қоғамдастықтың өзара әрекеттесуін үйлестірудің төмен деңгейі бар. Қазақстандағы туризм индустриясының инновациялық дамуын басқару мәселесі өзекті, бірақ қазіргі уақытта жеткілікті зерттелмеген сала болып табылады. Сондықтан зерттеудің бұл тақырыбы терең теориялық зерттеулер мен жан-жақты талдауды, ғылыми негізделген әдістемелік және практикалық ұсыныстарды қажет етеді.