ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН БЕЛСЕНДІРУ ӘДІСТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2023.1.25auКілт сөздер:
белсендіру, белсенді оқыту, белсендіру әдістері, интерактивті оқыту әдістеріАңдатпа
Бұл мақала педагогикалық пәндерді оқыту процесінде студенттердің танымдық белсенділігін арттыру мәселесін зерттеуге арналған. Танымдық белсенділікті жандандыру оқу іс-әрекетінің уәждемесін күшейту арқылы барлық білім алушылардың терең және берік білімін қамтамасыз етуге бағытталған белсенді басқарылатын процесс ретінде қарастырылады. Мақалада оқытушылар оқу процесінде қолданатын белсенді және интерактивті оқыту әдістері қарастырылады, олар: кейс әдісі (кейс - стади, пікірталас әдістері (пікірталас), проблемалық оқыту әдісі, эвристикалық оқыту әдісі, «дөңгелек үстел» әдісі, миға шабуыл әдісі, дидактикалық ойындар (іскерлік, рөлдік, блиц ойындары). Белсенді оқытудың бірқатар айрықша ерекшеліктері атап өтілді, мысалы: ойлауды мәжбүрлеп жандандыру, студенттердің оқу процесіне жеткілікті ұзақ уақыт қатысуы, шешімдерді дербес шығармашылық әзірлеу, студенттердің мотивациясы мен эмоционалдылық дәрежесін арттыру, тікелей және кері байланыс арқылы студенттер мен оқытушылардың үнемі өзара әрекеттесуі.