ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛАТЫН ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫН АЗАМАТТАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.3.6auКілт сөздер:
жасанды интеллект, қонституциялық құқықтар, қылмыстық құқық бұзушылық, дипфейк, дербес деректер, цифрлық дәлелдеме, қылмыстық жауаптылықАңдатпа
Мақалада жасанды интеллект құралдары арқылы жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтардан азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың қылмыстық-құқықтық және процестік тетіктерін бағалау, заңнаманы жетілдіру бағыттары ұсынылады. Зерттеуде формальды-заңдық, салыстырмалы-құқықтық, жүйелік және құқық қолдану практикасын талдау әдістері пайдаланылды. Қазақстан Республикасының Конституциясы, қылмыстық және ақпараттық заңнамасы, ұлттық сот практикасының ашық материалдары, Еуропалық Одақ пен Еуропа Кеңесінің актілері зерделенген. Зерттеудің ғылыми жаңалығы жасанды интеллектті дербес қылмыс субъектісі емес, қылмыс тәсілі, құралы және қоғамдық қауіптілікті күшейтетін фактор ретінде саралайтын құқықтық модельмен айқындалады. Нәтижесінде синтетикалық контентті қылмыстық мақсатта пайдалану белгісін есепке алу, цифрлық дәлелдемелердің түпнұсқалылығын тексеру хаттамасын енгізу, жәбірленушіні жедел қорғау және платформалардан дәлелдемелерді сақтау тәртібін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар негізделген.