Қазақстан Республикасында сақтандыру нарығының қалыптасуы және дамуы
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2024.4.19Кілт сөздер:
сақтандыру, қайта сақтандыру, сақтандыру брокері, актуарий, сақтандыру компаниясыАңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының қалыптасуы және оның қаржылық көрсеткіштеріне талдау жасалған. Зерттеудің мақсаты – сақтандыру нарығының қазіргі жай-күйін анықтау арқылы алдағы уақытта еліміздің сақтандыру секторын дамыту жолдарын ұсыну болып табылады. Жұмыстың маңыздылығы бүгінгі таңда кез-келген елдің экономикасы үшін сақтандыру кәсіпкерлікті, өндірісті, нарықтық қатынастарды дамытуға ықпал ететін қаржылық тұрақтандырғыш ретінде әрекет етуі болып отыр. Қазіргі уақытта сақтандыру іс жүзінде халықтың мүдделерін қаржылық қорғауға кепілдік беретін құралға айналды, сонымен қатар сақтандыру секторының дамуы мемлекеттен қаржылық жүктемені азайтуға оң ықпал етеді. Зерттеуде талдау, сaлыстыру, синтездеу, ғылыми зерттеулер нәтижелерін жaлпылaу әдістері қолдaнылды.Зерттеудің негізгі нәтижесі – еліміздегі сақтандыру нарығы толық қалыптасып, сақтандыру қызметін реттейтін заңнамалық негіздердің қабылданғандығы, сонымен қатар жылдан-жылға сақтандыру ұйымдарының саны қысқарып отырғандығына қарамастан, қызмет етіп отырған сақтандыру ұйымдарының активтері ұлғайып отырғандығы анықталды. Алдағы уақытта отандық сақтандыру ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін сақтандыру нарығын цифрландыру, жаңа сақтандыру өнімдерін ұсыну, көрсетілетін қызметтерді барынша онлайн режимінде іске асыруды жетілдіруқажет