АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.2.21auКілт сөздер:
агроөнеркәсіптік кешен, ауыл шаруашылығындағы инновациялар, шағын бизнес, халықаралық тәжірибе, мемлекеттік қолдауАңдатпа
Осы зерттеудің мақсаты – агроөнеркәсіптік кешендегі шағын кәсіпорындардың инновациялық қызметін ынталандырудың әлемдік тәжірибесін талдау және оны Қазақстан жағдайында қолдану мүмкіндіктерін анықтау. Зерттеу әдістемесі салыстырмалы талдауға, ғылыми әдебиеттерді жүйелеуге және АҚШ, Канада, Германия, Франция мен Ұлыбританияның ауыл шаруашылығындағы инновацияларды қолдау тетіктерін зерттеуге негізделген. Зерттеудің ғылыми жаңалығы әртүрлі экономикалық жағдайларда шағын ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында инновацияларды тиімді енгізу мен коммерцияландыруға ықпал ететін негізгі факторларды анықтауда көрінеді. Зерттеу нәтижелері инновациялық дамудың тиімділігі мемлекеттік кешенді қолдауға, технологиялар трансфері жүйесінің дамуына, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті нығайтуға, ғылым мен өндірісті ықпалдастыруға және ауыл шаруашылығы өндірушілеріне консультациялық қолдау көрсетуге байланысты екенін көрсетті. Зерттеу қорытындысы бойынша, озық шетелдік тәжірибені бейімдеу Қазақстанның аграрлық секторындағы шағын кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін, өнімділігін және тұрақты дамуын арттыруға мүмкіндік береді.