ЦИФРЛЫҚ ВАЛЮТАЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2024.4.14Кілт сөздер:
цифрлық валюта, блокчейн, криптовалюта, орталық банктер, қаржылық тұрақтылықАңдатпа
Бұл мақалада цифрлық валюталар мен онымен байланысты цифрлық технологияларды енгізудің ел экономикасы үшін салдары қарастырылады. Блокчейнді, бұлтты есептеулерді және жасанды интеллектті талдаудан бастап, қаржы секторындағы және тұтастай алғанда экономикадағы осы цифрлық инновациялардан туындайтын артықшылықтар мен кемшіліктер зерттелді. Мақалада цифрлық валюталарды дамыту үшін сенімді нормативтік базаны құру және киберқауіпсіздік пен деректердің құпиялылығын қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді шешу қажеттілігі көрсетілген. Мақалада мемлекет, бизнес және технологиялық сектор арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың арқасында Қазақстанның өңірлік цифрлық экономикада жетекші орын алу мүмкіндігі бар екені атап өтілген. Цифрлық валюталарды реттеудің озық тәжірибесін енгізу және инновацияларды қолдану Қазақстанға инновацияларды белсенді түрде ынталандыруға және экономикалық өсуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп тұжырымдалады.