ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ГЕЙМИФИКАЦИЯ ӘДІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ

Авторлар

  • П.А. Абдуразова, А.С. Ибадулла* Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ, Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.1.23au

Кілт сөздер:

геймификация, химияны оқыту, когнитивті дағдылар, мотивация, білім беру технологиялары.

Аңдатпа

Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың когнитивті дағдыларын дамытуда геймификация әдістерін қолдану өзекті бағыттардың бірі болып табылады. Бұл мақалада химия пәнін оқыту үдерісінде геймификация элементтерін енгізудің тиімділігі қарастырылады. Атап айтқанда, викторина, деңгей және ұпай жүйесі, квесттік тапсырмалар мен виртуалды зертхана сияқты ойын механикаларының оқушылардың оқу мотивациясына, танымдық белсенділігіне және оқу материалын түсінуіне әсері талданады. Зерттеу сандық сипаттағы сауалнама әдісі арқылы жүргізілді. Деректер Google Forms платформасы көмегімен Амангелді Иманов атындағы жалпы білім беретін орта мектептің 9-сынып оқушылары арасында жиналды (n = 54). Сауалнама нәтижелері геймификация элементтерін қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, күрделі химиялық ұғымдарды түсінуді жеңілдететінін көрсетті. Қатысушылардың 59,3%-ы ойын элементтері оқу материалын жақсы түсінуге көмектесетінін, ал 53,7%-ы сабақтағы белсенділігінің артқанын атап өтті. Сонымен қатар, оқушылардың басым бөлігі Kahoot және Quizizz сияқты интерактивті викториналарды, сондай-ақ квесттік тапсырмаларды қызықты әрі тиімді оқу әдістері ретінде бағалады.

Автор өмірбаяны

  • П.А. Абдуразова, А.С. Ибадулла*, Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ,

    PhD, қауымдастырылған профессор, Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ, Шымкент, Қазақстан

    магистрант, Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ, Шымкент, Қазақстан

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-20

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық және Гуманитарлық Ғылымдар