БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ САБАҒЫНДА STEAMТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ

Авторлар

  • Сара Жолшыбек Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.1.17au

Кілт сөздер:

STEAM , зерттеушілік дағды, шығармашылық қабілет, химиялық реакция жылдамдығы, тепе-теңдік, инновациялық оқыту әдістері

Аңдатпа

Бұл зерттеуде бейорганикалық химияны оқытуда STEAM технологиясын қолданудың жан-жақты тиімділігі қарастырылды. Жұмыс барысында «Химиялық реакция жылдамдығы» және «Химиялық тепе-теңдік» тақырыптары бойынша теориялық білімді тәжірибемен ұштастыратын арнайы ұйымдастырылған сабақ және зертханалық жұмыс жүргізілді. Алдын ала сауалнама жүргізу арқылы студенттердің зерттеушілік, шығармашылық және ғылыми дағдыларында қалыптасу деңгейінде бірқатар қиындықтар бар екенін анықталды. Осыған байланысты оқу процесіне  STEAM технологиясының элементтерін енгізу арқылыстуденттердің пәнге қызығушылығын арттыру және олардың практикалық дағдыларын дамыту мақсат етілді.  Практика барысында STEAM технологиясын қолдана отырып алынған ғылыми теорияны олар әрі қарай зерттеп зерттеушілік дағдыны қалыптастыру арқылы оны тәжірибелік түрде қолдана алды.   Зертханалық жұмыс нәтижелерін модельдеу, визуализация және графикалық өңдеу студенттердің шығармашылық ойлауын айтарлықтай дамытты. Пост-сауалнама нәтижелері STEAM технологиясының студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыруда тиімді екенін көрсетті. Жүргізілген зерттеу нәтижелері STEAM тәсілінің химияны оқыту сапасын арттыруда және білім алушылардың ғылыми танымдық белсенділігін дамытуда маңызды рөл атқаратынын дәлелдейді.

 

Автор өмірбаяны

  • Сара Жолшыбек, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

    Химия кафедрасының магистранты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-20

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық және Гуманитарлық Ғылымдар