ҚАРАҚАЛПАҚ ФОЛЬКЛОРЫНДАҒЫ ЛАП ЖАНРЫНЫҢ ПОЭТИКАСЫ ЖӘНЕ КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.2.9auКілт сөздер:
Гипербола, перформативтік акт, асырып айту принципі, хронотоп, сөз жарысы, аския, лапгөйлік шеберлігі, абсурд поэтикасыАңдатпа
Бұл мақалада қарақалпақ фольклорындағы күлкіге құрылған өзіне тән жанрлардың бірі – лаптың композициялық құрылысы мен көркемдік-поэтикалық табиғаты кешенді түрде зерттелген. Ғылыми жұмыста лап жанрының фольклорлық жүйедегі орны, оның гиперболаға негізделген жанрлық ерекшеліктері мен орындаушылық (перформативтік) мәртебесі анықталған. Зерттеу барысында лаптың композициялық қабаттары – кіріспе, экспозиция, кульминация және шешім сияқты компоненттердің қызметі, олардың біртұтас көркемдік құрылымды жасаудағы орны талданған. Автор аймақтың табиғи-ландшафтық ерекшеліктерінің лап сюжеттерін қалыптастырудағы шешуші ролін айрықша атап өтеді. Сондай-ақ, лаптардағы ерекше образдардың лингво-поэтикалық табиғаты мен хронотоптық ерекшеліктері ашып берілген. Мақаланың нәтижелері лаптың тек күлкілі әңгіме емес, сонымен бірге халықтың дәстүрлі дүниетанымы, импровизациялық шеберлігі мен әлеуметтік-эстетикалық идеалдарымен тығыз байланысты екендігін дәлелдейді. Жұмыс лап жанрының композициялық форманттарының қызметін универсал және локал контекстерде салыстыру арқылы ғылыми тұрғыдан негізделген.