ҚОҢЫРАТ АУДАНЫ ТОПОНИМИЯСЫНДАҒЫ ДЕТЕРМИНАТИВТЕР

Авторлар

  • С. С. Шамшаддинова Қарақалпақ мемлекеттік университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.2.4au

Кілт сөздер:

Географиялық апеллятивтер, топонимикалық индикаторлар, лексикалық компоненттер, гидрографиялық нысандар, микротопонимдер, ландшафтық номинация, Үстірт ономастикасы

Аңдатпа

Бұл мақалада Қоңырат ауданы топонимиясының лексика-семантикалық құрамындағы ұлттық географиялық терминдердің (детерминативтердің) қызметі кешенді түрде зерттелген. Ғылыми жұмыста топоним жасаушы компоненттердің терминологиялық мәртебесі, олардың классификациясы мен атаулар жүйесіндегі орны анықталған. Зерттеу барысында аймақтағы су нысандары, рельеф формалары мен елді мекендердің аталуындағы детерминативтердің (мәселен: абат, ауыл, бұлақ, дария, жап, жол, көл, құдық, оба, өзек, сай, тау, терек, тұмсық, шыңырау) этимологиялық тамырлары талданған. Автор аймақтың табиғи-ландшафтық ерекшеліктерінің топонимиялық жүйені қалыптастырудағы шешуші рөлін ерекше атап өтеді. Сондай-ақ, Үстірт үстіртіне тән спецификалық детерминативтердің (құлау, шолақ, шыңырау) лингвистикалық табиғаты ашып берілген. Мақаланың нәтижелері топонимдердің тек тіл білімі тұрғысынан емес, халықтың дәстүрлі тұрмыс-тіршілігі, ирригациялық тарихы және географиялық танымымен тығыз байланысты екенін дәлелдейді. Жұмыс топонимикалық форманттардың қызметін универсал және локал контексте салыстыру арқылы ғылыми тұрғыдан негізделген.

Автор өмірбаяны

  • С. С. Шамшаддинова , Қарақалпақ мемлекеттік университеті

    Ізденуші, Қарақалпақ мемлекеттік университеті, Нөкіс, Өзбекстан

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-26

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық және Гуманитарлық Ғылымдар