ҚАЗІРГІ ҚАРАҚАЛПАҚ ПОЭЗИЯСЫНДА МАХАББАТ ЛИРИКАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2024.4.11Кілт сөздер:
ғашықтық лирика, махаббат өлеңдері, интим лирика, И.Юсупов, М.Жұманазарова, лирикалық кейіпкерАңдатпа
Қайсы дәуір әдебиетінде болмасын, лириканың ең көп жазылатын жанрлық түрі – бұл махаббат өлеңдері болып табылады. Ғашықтық лирикасы және махаббат лирикасы деген терминдер синоним ретінде қолданып, олар интимдік лирикаға жатады. Бұл термин латын тіліндегі intimus сөзінен алынған болып сөздік мағынасы бойынша «өте терең, өте ішкі» дегенді білдіреді. Махаббат өлеңдері өмір шындығы мен тұрмыс заңдылығына барып ұштасады. Әрбір ақын махаббатты өзінше сезініп, оны өзінше жырлайды. Бұл тамаша сезімді қарақалпақ ақындары – И.Юсупов өзінше, Х.Дәулетназаров пен О. Сәтбаев басқашалау, Н.Төрешова мен М.Жұманазаровалар мүлдем басқаша стилдік бағдарда жырлайды. Бірақ, олардың барлығының да лирикалық кейіпкерлерінің жаны таза, өз махаббатына адал болғысы келетін, бұл жолда тынбай күресетін, өзгелерге бақыт тілейтін пәк жанды адамдар. Егер де махаббаттың этикалық категориялардың бірі екендігін ескерсек, лирикалық кейіпкердің адал махаббаты қоғам үшін де моралдық үлгі ретінде қызмет етеді. Автор мақалада қазіргі қарақалпақ поэзиясында махаббат өлеңдері мен кең танылған ақындардың туындыларына терең талдау жасайды.