ҚР ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТІЗБЕГІ

Авторлар

  • Б.Д. Бекназаров М.Әуезов атындағы ОҚУ, Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.4.42au

Кілт сөздер:

Тәуелсіздік жылдары, инвестициялық жобалар, экономикалық даму. инвестициялар, инвестициялық климат, индустриялық-инновациялық даму, экономикалық өсу

Аңдатпа

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік кезеңіндегі экономикалық даму үдерісі елге тартылған инвестициялар көлемімен және жүзеге асырылған стратегиялық маңызы бар жобалармен тығыз өзара байланысты. Мемлекет тарапынан нарықтық экономикаға көшуге қажетті құқықтық, институционалдық және инфрақұрылымдық алғышарттар жүйелі түрде қалыптастырылып, шетелдік әрі отандық инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасалды. Осы кезеңде іске асырылған инвестициялық жобалар ұлттық экономиканың құрылымдық жаңғыруына, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға, индустриялық әлеуетті арттыруға және озық технологияларды енгізуге елеулі ықпал етті. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі айтарлықтай өсіп, мұнай-газ өнеркәсібі, энергетика, көлік-логистика, металлургия, ауыл шаруашылығы және цифрлық технологиялар салаларында ірі стратегиялық жобалар жүзеге асырылды. Жалпы алғанда, тәуелсіздік кезеңіндегі инвестициялық жобалар Қазақстанның өңірлік деңгейдегі жетекші экономикалық орталықтардың біріне айналуына негіз болып, елдің ұзақ мерзімді және орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған берік іргетас қалыптастырды.

Автор өмірбаяны

  • Б.Д. Бекназаров, М.Әуезов атындағы ОҚУ,

    аға оқытушы, М.Әуезов атындағы ОҚУ, Шымкент, Қазақстан

Жүктеулер

Жарияланды

2026-02-19

Журналдың саны

Бөлім

Эканомикалық Ғылым