ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ШЕШІМДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕМЕСІН ӘЗІРЛЕУ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.4.41auКілт сөздер:
цифрландыру, өсімдік шаруашылығы, экономикалық тиімділік, агротехнология, Smart Farming, цифрлық шешімдер, әдістемеАңдатпа
Бұл мақалада өсімдік шаруашылығында цифрлық шешімдерді енгізудің экономикалық тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу мәселесі мен әрекеттер қарастырылады. Елімізді соңғы жылдары ауыл шаруашылығы саласында цифрландыру үрдісін дамыту арқылы, «ақылды егіншілік» (Smart Farming) және нақты ауыл шаруашылығы (Precision Agriculture) технологияларының барлық тараптардың қолданылуы артып келеді. Осыған орай, өндіріс тиімділігін арттыру, шығындарды оңтайландыру және өнім сапасын жақсарту мақсатында экономикалық тиімділікті есептеу әдістемесін ғылыми тұрғыда негіздеу өзекті мәселе болып табылады. Төменде келтірілген мақалада цифрлық шешімдердің экономикалық әсерін бағалау көрсеткіштері, есептеу үлгілері және практикалық қолдану мүмкіндіктері қарастырылған. «Өсімдік шаруашылығындағы цифрлық шешімдердің экономикалық тиімділігін есептеу әдістемесін әзірлеу» атты мақала ауыл шаруашылығы экономикасы мен заманауи цифрлық технологиялардың тоғысында жатқан өзекті ғылыми мәселеге арналған. Автор өсімдік шаруашылығында қолданылатын цифрлық шешімдердің (дрондар, сенсорлар жүйесі, деректерді талдау платформалары, автоматтандырылған бақылау құралдары және т.б.) тиімділігін кешенді бағалау қажеттілігін негіздей отырып, олардың экономикалық әсерін нақты есептеуге мүмкіндік беретін әдістеме ұсынған.