Ұрпақтар, уақыт, дүниетаным, адам құндылықтары, ойлау, коммуникациялар.
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.2.3auКілт сөздер:
Ұрпақтар, уақыт, дүниетаным, адам құндылықтары, ойлау, коммуникациялар.Аңдатпа
Ұрпақ уақыты дегеніміз адамның құндылықтық кеңістігі. Бұл кеңістік адамдардың экономикалық, әлеуметтік және саяси, моралдық, этикалық дүниетанымдары, білімдері арқылы ұрпақтық сананы анықтайды. Ұрпақ ұғымының уақыт арқылы және хронологиялық сана негізінде өрістелу, белгілі бір кеңістікті иелену мүмкіндіктері, көкжиектері ашылады. Адам өзінің өткен тарихын еске алулар, қазіргі уақытын мүмкіндік, болашақ уақытын мәңгілік құндылықтарының дәнекерлігі ретінде қарастырады. Ұрпақтар уақыттың өзгерісіне қарай болмыстық оқиғаларды рефлексиялайды және оны өзінің «мені» мен өзгелер арасындағы құбылыстарға интеграциялайды, ұрпақтық портреттерді құрастырады. Уақыт категориясы барлық философиялық мектептердің зерттеу объектісін құрайды. Біздің зерттеуімізде адамның уақыттық өлшемі ұрпақтық мәнмен синтездеу арқылы қарастырылады. Адам уақыты тарихи, әлеуметтік, интеллектуалдық, экзистенциалдық, интерсубъективті және дискурстық ыңғайлар арқылы анықталады, бірақ уақыттың барлық көкжиегінде тарихилық мәселе көрініс тапқан.