Жоғары оқу орындарындағы студенттердің кәсіби құзыреттілігі-сапалы білімнің негізі

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ – САПАЛЫ БІЛІМНІҢ НЕГІЗІ

Авторлар

  • Базарбай Балжан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2026.1.2au

Кілт сөздер:

Кәсіби құзыреттілік, сапалы білім беру, білім

Аңдатпа

Бұл мақала Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы болашақ педагог кадрларды кәсіби даярлаудың қазіргі жүйесін жан-жақты қарастырады. Бүгінгі таңда еліміз ұлттық құндылықтарға сүйене отырып, білім берудің бірегей жүйесін қалыптастыруда. Бұл білім сапасын қамтамасыз ету үшін озық, заманауи оқыту технологиялары мен әдістерін пайдалануды талап етеді. Қазіргі кездегі жаһандық стандарттарға сай білім сапасын арттыруға және оқыту процесіне инновациялық технологияларды енгізуге қуатты серпін береді. ХХІ ғасырдағы өскелең ұрпаққа тиімді тәрбие берудің басым бағыттарын айқындау – педагогика ғылымы мен білім беру жүйесіндегі ең өзекті мәселелердің бірі. Болашақ мұғалімдерді даярлау барысында олардың кәсіби дағдылары қоғамның үнемі өзгеріп отыратын талаптарына сәйкес келуі аса маңызды. Еліміздің нарық экономикасына өтуіне байланысты бәсекеге қабілетті маман даярлаудың негізгі критерийлері заман талабына сай кеңейіп келеді. Ол болашақ педагогтың тек білім, білік, іскерлік дағдыларымен шектелмей, сонымен қатар заманауи талаптарға сай жеке қасиеттерге ие болуын міндеттейді. Осы тұрғыда, ұсынылған мақалада болашақ педагогтардың, яғни студенттендің кәсіби даярлық жүйесіндегі сапалық дағдыларын дамытудың өзектілігі, негізгі ұстанымдары, тиімділігі ғылыми талдаулар негізінде тұжырымдалған.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-20

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық және Гуманитарлық Ғылымдар