ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНЕ ЕНГІЗУ: БОЛАШАҚ ХИМИЯ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ

Авторлар

  • П.А. Абдуразова Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ, Автор
  • А.Ү. Үсенбай Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ, Автор
  • Ә.Е. Датхаева Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ, Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.4.31au

Аңдатпа

Бұл мақалада болашақ химия мұғалімдерінің ғылыми-зерттеушілік құзыреттілігін дамытуда жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолданудың педагогикалық және әдістемелік тиімділігі талданады. Зерттеудің мақсаты – ЖИ технологияларын оқу және зерттеу үдерісіне интеграциялау арқылы болашақ мұғалімдердің зерттеу қабілеттерін арттырудың жолдарын анықтау. Эмпирикалық зерттеу Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде химия мамандығының 3-курс студенттері арасында жүргізілді (n=54). Сауалнама нәтижелері бойынша респонденттердің 90,3%-ы ЖИ туралы хабардар екенін және оны оқу процесінде қолдануға дайын екенін көрсетті; 76%-ы ChatGPT, ChemAI, Wolfram Alpha сияқты құралдарды зерттеу мақсатында пайдаланып көрген; 58%-ы ЖИ дағдыларын меңгеру үшін арнайы курстар қажет деп есептейді; 45,2%-ы технологияны қолданудағы басты кедергілер ретінде техникалық базаның жеткіліксіздігін атаған; 71%-ы ЖИ химиядағы зерттеу процестерін жеделдетеді деп санайды. Алынған деректер болашақ мұғалімдердің ЖИ технологияларына жоғары қызығушылық танытатынын, бірақ әдістемелік және практикалық қолдау қажет екенін көрсетті. ЖИ құралдарын тиімді пайдалану болашақ химия мұғалімдерінің деректерді талдау, химиялық процестерді модельдеу және ғылыми ойлау қабілеттерін жетілдіріп, олардың кәсіби және зерттеушілік құзыреттілігін арттырады.

Автор өмірбаяндары

  • П.А. Абдуразова, Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ,

    PhD, қауымдастырылған профессор, Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ, Шымкент, Қазақстан

  • А.Ү. Үсенбай, Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ,

    докторант, Ө. Жәнібеков атындағы Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ, Шымкент, Қазақстан

  • Ә.Е. Датхаева, Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ,

    магистрант, Ө. Жәнібеков атындағы Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ, Шымкент, Қазақстан

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-19

Журналдың саны

Бөлім

Педагогикалық және Гуманитарлық Ғылымдар