Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыруды цифрландырудың қажеттілігі

Авторлар

  • Г. Пазилов М.Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • Д.А. Жошибаева М.Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • Ш.Р. Нурматов М.Әуезов атындағы ОҚУ Автор
  • Б.П. Кличев Маъмун университеті Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.4.26au

Кілт сөздер:

цифрландыру, қаржыландыру, ауыл шаруашылығы, азық-түлік, онлайн субсидиялау

Аңдатпа

Мақалада еліміздегі ауыл шаруашылығы саласын қаржыландырудың ағымдағы жағдайы, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған түрлі қолдау шаралары, сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы қарастырылған. Зерттеу нәтижелері бойынша мемлекет тарапынан түрлі қолдау шаралары жүзеге асырылып, жылдан-жылға қаржыландыру көлемі артып отырғанымен ауыл шаруашылығы саласы айтарлықтай тұрақты өсімді көрсете алмай отырғандығы айқындалды. Сондықтанда авторлар отандық ауылшаруашылығы саласының тиімділігін арттыру үшін заманауи технологияларды енгізу, ауылшаруашылығы кәсіпорындарының инновациялық белсенділігін арттыру, саланы барынша цифрландыру қажеттігін ұсынып отыр. Әсіресе қаржыландыру саласын цифрландыруға ерекше көңіл бөлу қажет. Ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыруды цифрландыру фермерлер мен агробизнес өкілдеріне қаржы ресурстарын, яғни несие, субсидия, сақтандыру, грант және т.б. сандық технологиялар арқылы тиімді, ашық және жылдам қол жетімділігін қамтамасыз ететін болады. Зерттеуде тaлдaу мен синтездеудің жалпы ғылыми əдістері, ғылыми зерттеулер нəтижелерін жaлпылaу, сaлыстыру, сараптамалық бағалау əдістері қолданылды. Нәтиже – ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыруды цифрландыру қысқа мерзімді айтарлықтай қомақты табыс әкелмегенімен, ұзақ мерзімде өзінің тиімділігін көрсетіп, отандық ауыл шаруашылығы саласын дамытуға оң ықпал ететін болады.

Автор өмірбаяндары

  • Г. Пазилов, М.Әуезов атындағы ОҚУ

    PhD, аға оқытушы М.Әуезов атындағы ОҚУ, Шымкент, Қазақстан

  • Д.А. Жошибаева, М.Әуезов атындағы ОҚУ

    PhD докторант, М.Әуезов атындағы ОҚУ, Шымкент, Қазақстан

  • Ш.Р. Нурматов, М.Әуезов атындағы ОҚУ

    Магистрант, М.Әуезов атындағы ОҚУ, Шымкент, Қазақстан

  • Б.П. Кличев , Маъмун университеті

    PhD, доцент, Маъмун университеті, Ургенч, Өзбекстан

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-24

Журналдың саны

Бөлім

Эканомикалық Ғылым