БАНКРОТТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТУ ҮШІН НЕГІЗ РЕТІНДЕ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2024.4.08Кілт сөздер:
кәсіпкерлік, заңдар, шаруа (фермер) қожалығы, заңнама, банкроттық рәсімі, жеке кәсіпкерАңдатпа
Мақала кәсіпкерлердің, соның ішінде шаруа және фермер қожалықтарының төлем қабілетсіздігі мен банкроттығы мәселесіне және төлем қабілетсіздігі мен банкроттықты құқықтық реттеудің қайнар көздеріне талдау жасауға арналған. «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы және 2014 жылғы 7 наурыздағы «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы сияқты екі іргелі заңнамалық акт құқықтық талдаудан өтті. 2014 жылғы қолданыстағы заң банкроттық туралы заңнаманы қолдану тәжірибесін ескере отырып қабылданып, оңалту және банкроттық рәсімі неғұрлым нақты реттеліп, қала құраушы заңды тұлғалар мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің банкроттық ерекшеліктеріне тоқталды деп қорытындыланады. Мақалада кәсіпкерлерге қолданылатын банкроттық рәсімдері және олардың құқықтық салдары қарастырылады. Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың төлем қабілетсіздігі тәртібін реттейтін заңнамалық актілерді қабылдау хронологиясы қадағаланып, заңнамалық актілердің кейбір нормаларының кемшіліктері мен жетілдірілмеген тұстары талданып, оларды одан әрі жетілдірудің бағыттары айқындалды. Франция мен АҚШ сияқты кейбір шет елдерде банкроттық туралы ұқсас заңдарды қабылдау тәжірибесі қарастырылады.