БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ ПӘНІН STEAM КОНТЕКСТІНДЕ МОДЕЛЬДЕУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.4.14auКілт сөздер:
креативтілік, STEAM, технология, ғылым, инновация, ChemDraw, Chem3DАңдатпа
Бұл мақалада бейорганикалық химия пәнін модельдеу элементтері арқылы, STEAM тұжырымдамасына сәйкес модельдеу элементтері арқылы оқытудың тиімділігі зерттеледі. Ғылым, технология,инженерия, өнер және математиканы біріктіретін интегративті тәсіл білім алушылардың пәндік материалды терең әрі жан-жақты меңгеруіне ықпал ететіні көрсетілген. Зерттеу барысында KingDraw, Gaussian, ChemDraw және Chem3D сияқты заманауи компьютерлік бағдарламалар пайдаланылып, олардың ерекшеліктері мен оқу үдерісіндегі қолданылу мүмкіндіктері сипатталды. Эксперимент “Химия ғылыми” мамандығының 1 курс студенттерінің қатысуымен жүргізіліп, топтық тапсырмалар мен сауалнама нәтижелері талданды. Алынған деректерге сәйкес, бейорганикалық химия пәнін түсінуде компьютерлік бағдарламалар студенттердің 85,7%-не толықтай тиімді болған, ал 14,3% білім алушылар орташа тиімді деп бағалады. Зерттеу нәтижелері компьютерлік модельдеу химияны оқытудың өнімділігін арттыратынын дәлелдейді.