ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІ КУРСЫН ЦИФРЛЫҚ РЕСУРСТАР МЕН ПӘНАРАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.4.18auКілт сөздер:
физика-химиялық талдау, цифрлық ресурстар, пәнаралық тапсырма, STEM-интеграция, функционалдық сауаттылықАңдатпа
Бұл зерттеу жұмысы жоғары білім беру жүйесіндегі «Физика-химиялық талдау әдістері» курсын цифрлық ресурстар мен пәнаралық тапсырмалар арқылы оқытудың тиімділігін жан-жақты талдайды. Зерттеу 2024–2025 оқу жылында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың химия мамандығының 2-курс студенттерімен (n = 38) жүргізілді. Жұмыстың негізгі мақсаты – цифрлық технологиялар мен пәнаралық интеграцияның студенттердің теориялық білімін, практикалық дағдыларын және функционалдық сауаттылығын арттыруға ықпалын анықтау.
Курс барысында PhET симуляторлары, ChemCollective виртуалды зертханасы, Coursera, Khan Academy, сондай-ақ Excel, Origin және Python сияқты сандық құралдар пайдаланылды. Бұл ресурстар күрделі ұғымдарды визуалдауға, виртуалды тәжірибелер жасауға және деректерді өңдеп, түсіндіруге мүмкіндік берді. Сонымен бірге химияны физика, биология және информатикамен кіріктіретін тапсырмалар әзірленіп, спектрлік деректерді талдау, потенциометриялық титрлеу және жұқа қабатты хроматография бойынша пәнаралық практикалық жұмыстар орындалды.
Зерттеу нәтижелері студенттердің теориялық тест көрсеткіштері 53%-дан 82%-ға дейін өсіп, зертханалық дағдылары мен аналитикалық ойлауының айтарлықтай жақсарғанын көрсетті. Сауалнама мен рефлексия деректері цифрлық ресурстар мен пәнаралық тәсілдерге оң көзқарас қалыптасып, пәнге деген мотивацияның артқанын дәлелдейді.