ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПЕН ӨЗІН-ӨЗІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА ӘСЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.4.3auКілт сөздер:
жұмыссыздық; өзін-өзі жұмыспен қамту; экономика; экономикалық тұрақсыздық; еңбек қызметі.Аңдатпа
Зерттеу мақаласында Қазақстандағы жұмыссыздық пен өзін-өзі жұмыспен қамтудың қалыптасуына әсер ететін негізгі экономикалық, әлеуметтік, технологиялық және институционалдық факторларды анықтауға және талдауға бағытталған. Сонымен қатар, жұмыссыздық пен өзін-өзі жұмыспен қамту көрсеткіштерінің ұлттық экономикаға ықпалын зерттеу көзделеді. Зерттеу нәтижелері жұмыс күшінің тиімділігін арттыру және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін мемлекеттік саясатты жетілдіруге ұсыныстар жасауға негіз болады. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың даму үдерістері, еңбек нарығының даму қарқынын тежейтін мәселелер мен факторлар келтірілген. Өзін-өзі жұмыспен қамтудың теориялық –әдістемелік негіздерін, оның негізгі мәселелерін қарастыра келе оның нормативтік-құқықтық негіздерін жетілдіру, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың мәртебесін нақтылау, жеке кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету қажеттілігі жөнінен ұсыныстар беру.