"KASPI BANK"АҚ КРЕДИТТІК САЯСАТЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ

Авторлар

  • Б.Н. Базарбай Автор
  • Т.Н. Маширова Автор
  • Г.Е. Мауленкулова Автор
  • Е.Е. Болысбек Автор

DOI:

https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.1.015au

Кілт сөздер:

KaspiBank, кешіктірілген төлемдер, кредит саясаты, активтер, кредиттер

Аңдатпа

Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызметін талдау, банк қызметінің нәтижелерін зерделеу, факторларды, үрдістерді анықтау және кредиттік ұйымның даму стратегиясын негіздеу және кредиттік саясатты айқындау үшін үлкен маңызға ие. Коммерциялық банктердің несиелік саясатының қазіргі жағдайы көптеген сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен қалыптасатын қызметтің нәтижесі ретінде қарастырылуы керек. Банктерге несие беру-бұл тек кіріс операциясы ғана емес, сонымен қатар табыс алудың негізгі көздерінің бірі. Бұл мақалада біз Kaspi Bank-тің даму тарихымен, оның жетістіктерімен таныстық, Қазақстан бойынша Екінші деңгейдегі банктердің, оның ішінде Kaspi Bank-тің кредиттік саясатының жай-күйін талдадық. Kaspi Bank кредиттік саясатына баға беріліп және банктің қаржылық тұрақтылығына әсері анықталды. Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық нәтижелеріне әсер ететін факторлар анықталды. Мұнда банктердің белсенді және пассивті операцияларының құрылымдарын оңтайландыру арқылы кірісті ұлғайту бағыттары қарастырылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-23

Журналдың саны

Бөлім

Эканомикалық Ғылым