ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМ ЖАҒДАЙЫНДА СТУДЕНТТІҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫТЫНЫҒУДЫҢ РӨЛІ
DOI:
https://doi.org/10.54251/2522-4026.2025.1.004auКілт сөздер:
тынығу, тұлғаны қалыптастыру, студенттік жас, жастардың әлеуметтенуі, студенттік мәдениетАңдатпа
Мақала қазіргі қазақ қоғамы жағдайында студенттің тұлғасын қалыптастырудағы тынығудың рөлін зерттеуге арналған. Мақаланың тақырыбын зерттеудің мақсаты – тынығудың әртүрлі түрлерінің студенттердің тұлғалық дамуына, студенттердің білім беру ортасына бейімделуіне және студенттердің әлеуметтік ықпалдастығына әсерін анықтау болып табылады. Зерттеудің негізгі бағыттарына тынығудың психоэмоционалды әсерін талдау, мәдени-әлеуметтік ықпалдарының рөлі, жастардың тынығу технологияның ықпалы жатады.Бұл мәселені зерттеудің ғылыми маңыздылығы студенттердің тынғу және тұлғалық дамуының байланысын терең зерттеуде жатыр. Бұл өз кезегінде студенттердің оқу және әлеуметтік белсенділігіне әсер ететін негізгі аспектілерді анықтауға мүмкіндік береді. Тәжірибелік маңыздылығы Қазақстанда тынығу инфрақұрылымын жақсарту және студенттердің тынығуды ұйымдастыру бойынша ұсынылған ұсыныстарда жатыр. Олар жастардың неғұрлым тиімді әлеуметтенуіне және белсенді азаматтық ұстанымының қалыптасуына ықпал етеді.Зерттеу әдістемесі тынығу және жеке тұлға психологиясының қолданыстағы теорияларын талдауға, сонымен қатар, университет студенттері арасында сауалнамалар мен сұхбаттарды қамтитын эмпирикалық зерттеулерге негізделген.Зерттеудің құндылығы білім беру мекемелеріне, билік органдарына және жастар ұйымдарына студенттердің тынығуының сапасын жақсарту және олардың психо-эмоционалдық көңіл-күйін сақтау бойынша тәжірибелік ұсыныстар әзірлеуде.